Тексты песен » Барыс

Барыс.

Слова: Роман Буркашев

Музыка: Шамшаддин Омаров

 

Туған елі мақтанышым деп білер,

Ұлдарының жеңістерін бек тілер.

Халқымыздың даңқын биік көтерген,

Қара күшті,өр намысты тектілер.

 

Қайратына қанат қылған намысын,

Ерлерім бар жанын қияр ары үшін.

Қазағымның батырлығын паш етші,

Бүкіл әлем ерлігіңді танысын.

                        

Қуат алған намыстан,

Біз барыспыз алысқан.

Жеңіс туы желбіреп,

Көрінеді алыстан.

 

Жаса, Қазақ барысы!!!

Жаса, Қазақ барысы!!!

                   

Туған елі ардақтайды арысын,

Ер жігітке бұл жалғанда бәрі сын.

Шаршы алаңда жеңісіңді көрейік,

Жауырыны жерге тимес барысым!

 

Жігеріңді намысыңа қайрадың,

Биік ұста жеңісіңнің байрағын.

Қайсар рухты барысы сен еліңнің,

Бәрімізге дем берсінші айбарың!