Тексты песен » Конил шуагы

 Көңіл шуағы

 

Слова: Ибрагим Исаев

Музыка: Шамшаддин Омаров


1. Көңіл-күйің жақсы болса-ырзасың

Көңіл-күйсіз, жүрегің де қорғасын.

Көңіл-күймен жүрген кезде,дос түгіл

Дұшпаның кеп,амандасса,ырзасың.

                         

Көркем еткен көңіліңді -ойдың шырағы,

Жайнататын өміріңді-көңіл шуағы!

 

2.Көңіл күймен қараңғы түн арайлы,

Жұлдыздар да жымың қағып қарайды.

Көңіл-күймен қыстың өзі көктемдей,

Жүрегіңе бір жылылық тарайды.

Көңіл-күймен салған ән де әсерлі

Көңіл-күйсіз жібересің есеңді.

Әр күніңді көңіл-күймен өткіз де,

Келер күнді көңіл күймен тос енді...

                           

Көркем еткен көңіліңді -ойдың шырағы,

Жайнататын өміріңді-көңіл шуағы!