Тексты песен » Ель дастан

Ед дастан

 

Слова: Жулдыз Бигазиева

Музыка: Шамшаддин Омаров

 

Аталы ел жас-қаным,

Жыр айтудан қашпадым,

Қазақүркi ұрпағы

Ашық сенің аспаның.

Ақиқаттың астарын,

Сөзден шуақ шашқаным,

Талай бабам "ел" десе

Тыя алмаған жастарын.

Жауынгерлер қанша мың,

Батырларың-басқа мұң,

"Алаш!" деген Абылай

Қосқан үш жүз бастарын.

Түрiк-ғылым асқарын,

Баласағұн бастадың,

Дүр-сiлкiнтiп жазған-ды

"Құтты бiлik" дастанын. 

 

Игүнеки жыр ағыз,

Қашқари да бір аңыз,

Жәнібек, Керей бишісі

Асан қайғы бір абыз!

Сан соғылып санамыз

Тарихтан жыр құрамыз,

Махамбет пен Сырымнан

Қайсарлықты ұғамыз.

Исатайдай мына біз,

Қайдан батыр боламыз?

Ілияс, Сакен, Бейімбет

«Ел»  деп өшкен үш арыс

Құлағандай құрма жүз,

Аллаға адал құл да біз,

Ділім, дінім, тіліміз

Мына біздің мұрамыз! 

 

Қара сөзден сыр ашқан,

Абай елмен мұңдасқан,

Арыстандай бабалар

Мәңгі бітпес жыр дастан.

Жаны сүйіп қан шашқан

Әмір Темір айқасқан,

Шыққан билік шыңына

Шымыр жүрек Шыңғыс хан.

Бітім билік байласқан.

Жау жағасы жармасқан,

Бозінгендей боздадық

"Аңырақай" шайқастан.

Қаны-жасы алмасқан,

Біз ұрпақпыз із басқан,

Жұмыр қылыш болайық

-Деп жырлайды  ALDASPAN!