ALDASPAN тобы LifeFest XXI фестивалінің алғыс хатымен марапатталды ALDASPAN этно-рок тобы Қазақстанның Шығармашылық Бірлестіктер Қауымдастығы «КАТОиК» ұйымдастырған әлеуметтік маңызы бар LifeFest XXI фестивалінен алғыс хатқа ие болды. Топ өз ісіне адалдығы, жоғары кәсіби шеберлігі, халқына және Отанына деген сүйіспеншілігі, сондай-ақ LifeFest XXI фестивалін қолдауға қосқан үлесі үшін марапатталды. Бұл марапат ALDASPAN тобының шығармашылық еңбегінің және қоғамдық-мәдени бастамаларға белсенді қатысуының мойындалғанын көрсетеді.
