
Aldaspan тобы 2026 жылғы жаңа туындысы — «Ой» синглін ұсынады.
«Ой» — уақыттың жылдам өтуі, алыс арман, ұзақ жол мен адам өміріндегі сынақтар туралы шығарма. Әннің негізгі ойы — қандай қиындық кездессе де, жүректегі үмітті сөндірмеу.
Өмір тулап, Уақыттар зулап.
Арман Алыста, Желмен Жарысқан.
Жолдары Ұзақ, Сынақ бар бірақ.
Сөнбесін жүрек, Үміт тек шығар.
Сингл: «Ой» · 2026
Сөзін жазған: Шамшаддин Омаров
Музыкасы: Айсарбек Акияшев
Аранжировка: Aldaspan тобы