Топ туралы

ALDASPAN — дәстүр мен заманауи рок дыбысын біріктіретін қазақ фолк-рок жобасы.

Aldaspan тобы туралы

Бәрі қалай басталды

1980-жылдардың соңы. Алматы.

Нұржан Тойшы (ол кезде — Тойчиев Нұржан) №120 орта мектепте оқып жүрген шағында ауыр рок музыкасына әуестене бастайды. Metallica, Slayer, Sepultura және жанрдың басқа да алыптары оның дүниетанымына үлкен әсер етеді.

Джеймс Хэтфилд, Керри Кинг, Макс Кавалераның риффтеріне үңіле тыңдай отырып, Нұржан бір таңғаларлық құбылысты байқайды: олардың композицияларындағы кейбір музыкалық фрагменттер домбырада орындалатын дәстүрлі қазақ күйлері сияқты дәл сондай қуатты эмоциялық әсер береді. Оның үстіне, ырғақ пен екпін тұрғысынан бұл риффтер домбыра қағыстарымен айрықша үндесіп жатты.

Бұл жаңалық кездейсоқ емес еді. Рок музыкасына қызығушылықпен қатар Нұржан домбыра үйірмелеріне қатысып, Жұбанов атындағы музыка мектебінде білім алды. Дәл сол жерде ол алғаш рет дала музыкасының терең тамыры мен заманауи ауыр рок арасында ойлағаннан әлдеқайда көп ортақтық бар екенін түсінді.

Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ ол сыныптастарына электродомбыра жасап, сол аспапта дайын музыкалық шығармаларды орындау идеясын айтатын. Алайда бұл бастама қолдау таппады. Орыс тілді мектепте домбыра «ескірген» аспап ретінде қабылданды, ал көптеген қазақ оқушылары ұлттық мәдениеттен, тіл мен дәстүрден алшақ болатын.

Оған қоса, 1980-жылдардың соңында қажетті құрал-жабдық та, шеберлер де, технология да жоқ еді. Осылайша бұл идея ұзақ жылдарға кейінге қалдырылды.

21 жылдан кейін

Жиырма жылдан астам уақыт өтті. Кеңес Одағы ыдырады, әлем өзгерді, жаңа мүмкіндіктер пайда болды — және жастық шақтағы арман қайтадан оралды.

2009 жылы Мәскеуде жүрген Нұржан қажетті электронды компоненттерді сатып алып, жобаға Қазақстанның мемлекеттік консерваториясында жұмыс істейтін, фортепиано баптаушысы әрі акустикалық домбыра жасайтын шеберлерді жақсы білетін Мурат Кубековті тартады.



Олар бірлесе отырып үш аспап жасайды. Тек алғашқы электродомбыра ғана толыққанды сәтті шықты — мойын мензурасындағы дәлсіздікке және бірқатар техникалық кемшіліктерге қарамастан. Ең бастысы — алғашқы сынақтар-ақ домбыраның төл, табиғи үні жоғалмағанын көрсетті.

Бірдей диаметрлі екі өрілген ішектің арқасында аспап өзіндік тембрін сақтап қалды, бірақ бұрынғыдан әлдеқайда қуатты, жарқын әрі агрессивті естіле бастады. Электродомбыра кәдімгі электр гитараға айналып кетеді деген қауіп расталмады.

Бұл жетістік Нұржанды қанаттандырып, жобаға деген сенімін күшейтті. Ол Мурат ағаға көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Сонымен қатар тағы бір шындық айқындалды: Қазақстанда ішекті электроаспаптарды кәсіби деңгейде жасайтын шеберлер іс жүзінде жоқ.

Амалсыз Мәскеуге жола шығу керек болды.

2010 жылдың соңында Shamray шеберханасында бұл идея үлкен қызығушылықпен қабылданды. Жобаны талқылау шамамен төрт сағатқа созылып, Aldaspan бағытының дұрыстығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Aldaspan — құбылыс ретінде

2009 жылы Нұржан Тойшы жобаның тұжырымдамасын түбегейлі қалыптастырады:

көшпелілердің көне аспабының үнін овердрайв пен дисторшн арқылы өткізу.

Ол мұны 1988 жылы-ақ түсінген еді: жылдам әрі ауыр роктың ырғақтары Еуразия даласында ғасырлар бойы орындалып келе жатқан, сөзсіз музыкалық туындылар — күйлермен үндеседі. Бұл әуендер бүгінгі күні де қазақ халқының және басқа да түркі, әсіресе қыпшақ халықтарының мәдениетінің ажырамас бөлігі болып қала береді.

Электродомбыра дыбыстық мүмкіндіктері жағынан электр гитарамен тең бола алатынын түсінген Нұржан болашақ топтың стилін еш ойланбастан таңдайды — ауыр рок.

Жалғыз, бірақ түбегейлі айырмашылық:

электр гитаралардың орнына — электродомбылар
(соло, ритм және бас).

Егер электр гитара кең таралған, қалыптасқан аспап болса, электродомбыраға қатысты жағдай мүлде басқа:

1.   Электродомбыра толыққанды электроаспап ретінде XXI ғасырда алғаш рет дүниеге келді.

2.   Қазақстанда орындау техникасы өзіндік әрі әлемге беймәлім кәсіби домбырашылардың бірегей мектебі бар.

Топтың қалыптасуы және идеясы

Толық құрам үшін ұрмалыда ойнайтын адам қажет болды — бұл міндетті Нұржанның өзі атқарды. Сонымен қатар ол фронтмен әрі вокалист рөлін де өз мойнына алды. Ән айтатын ұрмалыда ойнайтын әлемдік музыкада сирек емес — Фил Коллинзді, Eagles немесе Kreator топтарының мүшелерін еске алса жеткілікті.

Мәтіндердің тақырыбы бірден айқындалды:

соғыс, ерлік, батырлық, ар-намыс.

Негізіне ежелгі түркі жауынгерлік эпостары алынды. Қыпшақ тайпалары басым болған Шыңғыс хан империясының және оның ұрпақтарының тарихы шабыттың маңызды көзіне айналды.

Мұндай тақырып әлемдік шоу-бизнесте іс жүзінде ұсынылмаған, сондықтан бұл — ешкім игермеген еркін кеңістік болды.

Топ атауы да айқын еді: Aldaspan — қазақ тілінде сауыт-сайман киген жауды талқандауға арналған ауыр қылыш деген мағынаны білдіреді.

Мейнстрим және төл болмыс

Қазіргі мейнстрим көбіне абстрактілі «жалпыадамзаттық құндылықтарға» бағытталған.
Алайда мына қасиеттерді дәріптеу ешқашан маңызын жойған емес:

  • ерлік пен жауынгершілікті,
  • батырлық пен отансүйгіштікті,
  • үлкенге құрметті,
  • адамдық қадір-қасиетті.

Aldaspan миссиясы — ұлттық музыкалық бояуы қанық, құрылымы мен ырғақтық табиғаты жағынан еуропалық рокпен 90 % үйлесетін музыканы әлемге таныту. Бұл топтың музыкасын әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдарманға түсінікті әрі жақын етеді.

Жоба Еуразиялық кеңістікке, оның тарихы мен мәдени мұрасына қызығушылық оятуды мақсат етеді.

Бүгінгі әлем тосын метаморфозаны бастан кешіруде:
көшпелі халықтар отырықшы болды, ал индустриялық өркениет жаңа көшпенділікті тудырды — бір жерге байланбаған, үнемі қозғалыстағы миллиондаған адамдарды.

Көшпелі мұраны жырлайтын уақыт келді.
Nomad Rock заманы туды.


Алғашқы құрамның жасақталуы

Нұржан Тойшы «Галактика» корпорациясының аймақтық офисінің директоры бола жүріп, кеңсені ғимарат иесі Избасар Бузаевтан жалға алады. 2009 жылдан бастап Ізбасар Бузаев топтың дамуына шешуші үлес қосты, оның алғашқы кезеңдегі қолдауын асыра бағалау мүмкін емес. Өкінішке орай Ізбасар Бозаев ағамыз 2012 жылы көлік апатынан қаза табады...

Ол топ идеясын қолдап, Aldaspan атауын табуға көмектесті, бірнеше жыл бойы репетицияға арналған кабинетті тегін ұсынды және дәл сол арқылы Нұржан алғашқы құраммен танысты.

Избасар Бузаев Мурагер Сауранбаев есімді дарынды домбырашыны білетін және 2009 жылы оны Нұржанмен кездесуге шақырды. Электродомбыраның алғашқы прототипін көргеннен кейін Мурагер өмірлік жоспарлары өзгергенін айтып, музыканы хобби ретінде қалдырып, Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеуге және Астанаға көшуге шешім қабылдағанын жеткізді.

Нұржан көңілі түссе де, Мурагер өз досы — консерваторияда оқитын мықты домбырашы Максат Хасановты ұсынды. Нұржанның өтінішімен олардың кездесуі өтті және бұл кездесу шын мәнінде тарихи болды.

Максат Хасанов Aldaspan тобымен тағдырын байланыстыруға шешім қабылдады. Дәл сол арқылы топтың алғашқы құрамы жасақталып, кейінгі барлық қатысушылар да осы жолмен қосылды.

Aldaspan тобының алғашқы құрамы:

  • Нұржан Тойшы — ұрмалылар

  • Максат Хасанов — соло-электродомбыра

  • Бахытжан Желдербаев — ритм-электродомбыра

  • Шамшаддин Омаров — бас-электродомбыра


Құрамдағы өзгерістер

  • 2014 жыл — Бахытжан Желдербаев Астанаға көшуіне байланысты топтан кетеді. Оның орнына Дулат Жаксылык келеді.

  • 2015 жыл — топқа уақытша Zarraza тобының ұрмалыда ойнайтын музыкант Руслан Алписов қосылады, алайда кейін музыкалық қызығушылықтарының өзгеруіне байланысты ұжымды тастайды.

  • 2018 жыл — Дулат Жаксылык АҚШ-қа көшуіне байланысты топтан шығады. Оның орнын Айсарбек Акияшев басады.

  • Сол жылы топқа клавишник ретінде Ернар Какежанов қосылады.

  • 2020 жыл — Нұржан Тойшы АҚШ-қа қоныс аударуына байланысты ормалыдағы орнын Мирас Жұнусбековке тапсырады.

Aldaspan тобының қазіргі құрамы

1.   Мирас Жұнусбековұрмалылар

2.   Максат Хасанов — соло-электродомбыра

3.   Айсарбек Акияшев — ритм-электродомбыра

4.   Ернар Какежанов — клавиштер

5.   Шамшаддин Омаров — бас-электродомбыра, вокал

Нұржан Тойшы — Aldaspan тобының идея авторы, негізін қалаушысы, бас продюсері және иесі.
Сонымен қатар, ол топтың құрметті әрі тұрақты мүшесі болып табылады және Aldaspan құрамында ұрмалыда ойнайтын музыкант ретінде өнер көрсетеді.