Aldaspan тобының «Өмір жолы»
Aldaspan – электр домбырада ойнайтын алғашқы әрі әзірге жалғыз топ. Музыканттардың жаңа, қатарынан бесінші альбомы «Жол» деп аталады. Альбомда қазақ тіліндегі альтернативті рок стилінде орындалған 7–8 композиция ұсынылады. Қазіргі таңда электр домбырашылар Алматыдағы өз студияларында жұмыс істеуде. Альбомға бұл атаудың не себепті таңдалғанын топтың негізін қалаушы Нұржан Тойшы былай деп түсіндіреді: — Жолдан, өмір жолынан асқан романтикалы әрі үміт сыйлайтын нәрсе жоқ. Ол әрдайым тосынсыйларға толы. Бізге қиындықтарға қарамастан үнемі алға жылжу қажет.